#Жамбыл: «Ақыретке иман» жайлы уағыз айтылды

#Жамбыл: «Ақыретке иман» жайлы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Нұркелді Манатұлы шам намазына келген жамағатқа «Ақыретке иман» тақырыбында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мешітке келген жамағат найб имамның айтқан уағызын мұқият тыңдап, тақырып бойынша сұрақтар қойды. «Ақырет» сөзі  соңғы деген ұғымды білдіреді, яғни дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин. Аят пен хадистерде ақырет, қиямет, ақырзаманның күмәнсіз болатыны білдіріледі. Мысалы, қиямет дүние тіршілігінің бітуі, яки бітуіне жақын қалуын білдірсе, ақырзаман қияметтің жақындауы деген сөз.                                                                                      

 Ақырет күніне иман ету – иман негіздерінің бірі. Оған сену – парыз. Құранда Аллаға иман етуге байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (яумил ахир) иман ету де бірге айтылады. Ақырет күніне иман етуімізді бұйырған аят пен хадистер саны көп болғандықтан, бірнешеуіне ғана тоқталып өтейік: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады»; «Кім Аллаға, ақырет күніне иман ететін болса және ізгі амал жасаса, оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды»; «Бірақ кім Аллаға, ақырет күніне, періштелеріне, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе, міне, солар – шыншылдар әрі тақуалар».

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: