Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің имамы Керимов Айтжанның ұйымдастыруымен көпбалалы, жалғызбасты, асыраушысынан айырылған ауыл тұрғындарына «Қайырымды жұма» акциясына орай, қайырымдылық жасады.
Азық-түлік ретінде берілген қайырымдылық көмек 10 отбасыны қамтыды. Көмек алған отбасылар ауылдық мешіттің имамы мен ерікті жастарға өз алғыстарын жаудырды.
Игілікті істе шетте қалмайтын мешіт жамағаты да бұл істе аянып қалмады. Әрдайым осындай игілікті істе өз көмегімізді аямайық, жамағат!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі