Облыстың 1-наиб имамы "Әжелер алқасына" насихат жүргізді

Облыстың 1-наиб имамы "Әжелер алқасына" насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облыстық "Әжелер алқасымен" кездесу жасалып, бас қосуда облыстың 1-наиб имамы Нұралы Бақытұлы насихат айтты.

"Ихсан" ілімінің маңыздылығын, Аллаға құлшылық жасаудың мәнін тереңдете түсіндірген имам ақ жаулықтылардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.

"Адам баласы құдды бір тәрбиені, қадағалау мен бақылап отыруды қажет ететін нәресте іспетті. Жүріп тұруы, тамақ жеуі, ұйықтауына дейін әрдайым қарап отыруды талап етеді. Яғни адам тәрбиесін үнемі жүргізіп отырады. Абай атамыз бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнін де өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп, адам баласын өтіп жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен" - дейді имам өз сөзінде. 

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: