Сарысу аудандық мешітінде ауыл имамдарына «Ихсан - рухани тәрбие негізі» кітабынан дәріс олқылды. Көркем мінезділік - әрбір мұсылманның бойынан табылуы керек болған сипат. Ал қоғамда рухани жетекші, рухани тәлімгер болып отырған имамдар үшін тіпті ағзасының ажырамас бөлігіндей болуы керек. Алланың кәләмінен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен, сахабалардың өмірінен көптеген ғибратты оқиғаларды оқып білу арқылы ихсан ілімінің орыны бүгінгі күні қоғамымыз үшін, жеке адамдар үшін маңызының тіпті шарықтап тұрғанын білеміз. Ата-ана мен бала-шағаның арасындағы қарым-қатынас, екі адам арасындағы қарым-қатынас, басшы мен қосшы арасындағы қарым-қатынастың барлығы оңай іске асады, егер осы қатынастарды көркем мінезділікті сақтай білсек. Ол үшін рухани азықпен қоректеніп жан дүниемізге күш-қуат беру маңызды.
Осы сарында өткен дәрістен имамдар өздеріне біраз пайдалы кеңес алғаны олардың дәріс соңынан білдірген пікірлерінен байқалып тұрды. Осындай дәрістерді барлық мешіттер жамағаттарына өткізіп отыруы тапсырылды.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі