Қайбір қоғам болмасын қариясын қадірлеп, абызын ардақтайды. Олардың өмірінен өнеге алып, мол тәжірбиесінен тәлім алады. Сондықтан болар қарты бар елдің қазынасы бар деген тәмсіл тінін үзбей келеді.
Жыл сайын 1-қазан халықаралық қарттар күніне орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, дәстүріміз жаңғыруда. Қайырымдылық шаралар көптеп өтіп, кейінгі ұрпаққа ғибрат көрсетіліп жүр.
Осыған орай, Шу қалалық ардагерлер кеңесінің, әкімі аппаратының және ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлының қатысуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 11 зейнеткердің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, азық-түлік түріндегі кәдені тапсырды.
Өздеріне бөлінген көмекке риза болысқан мереке иелері қонақтарына алғыстарын жаудырып, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілесті.
Байжан Емберді,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі