#Шу: Мешіт имамдары мектеп оқушыларымен кездесті

#Шу: Мешіт имамдары мектеп оқушыларымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Төле би ауылындағы  М.Әуезов атындағы орта мектебінде "Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы және «Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Оспанбекұлы осы мектептің оқушыларымен кездесті.

Дін мен дәстүр сабақтастығы туралы маңызды мәжілісте оқушыларға қажеттің кеңестер  беріліп, жолданған  сауалдарға сауаты  түрде  жауаптар берілді. Оқушылар да өздеріне керекті мәліметтерге қанық боп, рухани сусындады.

Жиын соңы марапаттау рәсіміне ұласып, ұйымдастыру тарапына алғыс білдірілді. Осы мектептің директоры, аудандық мәслихат депутаты Т.Дүрманов спикерлерге ұжым атынан алғысын жеткізіп, ұрпақ тәрбиелеу жолында тізе қосып жұмыс істеуге ынталы екенін жеткізді.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз хатшысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: