"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің спорттық алаңында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз" тақырыбында спорттық ойын өтті.
Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев алғы сөзімен ашып, экстремизм мен терроризмнің қоғамға алып келетін зиянын, теріс бағытқа түсіп кетпес үшін діни сауатты болудың маңыздылығын тілге тиек етті. Ал Жат ағыммен жұмыс бағытына жауапты маман Жалғас Жұбатқанов ойынды ұйымдастырудағы мақсатты айтып, жастарды ұйымшылдықта, ауызбіршілікте болуға шақырды.
Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің атсалысуымен кіші футболдан өткен сайысқа 4 топ қатысып, "Әулие ата" мешіті тобы, "Һибатулла Тарази" мешіті тобы, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжі тобы, Жастар жамағаты топтары ойнады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі