Қордай Гуманитарлық колледжінде "Жат ағымдардың алдын алу" бойыша студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіранұлы қатысып қайтты. Діни сауаттылықтың маңызы, теріс бағытты ұстанушылардың сенімі турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.
"Жат ағым жолына түсіп кетпес үшін, діни иммунитет болу керек, ал ол білім алу арқылы келеді. Діни білімді тек сенімді тұлғалардан яғни имамдардан ҚМДБ қызметкерлерінен алу керек," - деп атап өтті имам.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі