#ТАРАЗ: «Әбдіқадыр» мешітіне жаңа имам тағайындалды

#ТАРАЗ: «Әбдіқадыр» мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Әбдіқадыр» мешітіне ҚМДБ қарамағында 15 жылдан астам қызмет еткен Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы имам болып тағайындалды. Жаңа имамды Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы жамағатқа таныстырды. Жамағат арасынан жасы жетпіске келген қария жаңа имамның қызметіне береке берсін, Алла Тағала жәрдемшісі болсын деп ақ батасын берді.

Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы 1983 жылдың маусым айының отызыншы жұлдысында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақ-төбе ауылында туған.

2001-2005жж ОҚО Шымкент қаласы, Халықаралық Қазақ-араб университетінде «Дінтанушы» мамандығы бойынша білім алған.

2006-2012ж. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» КМҚК ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

2013-2014ж. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері  басқармасының «Жастар орталығы» КММ ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

2014-2019ж. Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат аудандық мешітінің бас имамы

2019-2020ж.  Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай аудандық мешітінің бас имамы және «Қордай» құран қариларын дайындау» орталығының директоры

2020-2021ж. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай аудандық мешітінің  найб имамы және «Қордай» құран қариларын дайындау» орталығының ұстазы қызметтерін атқарған.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: