#Сарысу имамдарының үшінші тоқсандық жиналысы өтті

#Сарысу имамдарының үшінші тоқсандық жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Үстіміздегі жылдың 29-шы жұлдызында Сарысу ауданының имамдары Жаңатас қаласындағы Сарысу аудандық мешітінде бас қосты. Жиында өткен тоғыз айдың қорытындысы жасалып, істелген жұмыстар мен орындалмай қалған істер сарапталды.

     Әрбір имамнан жеке-жеке ахуалдарын сұраған аудандық мешіттің бас имамы ауылдардағы мешіттердің қысқа дайындығын пысықтады. Мешіттерді жылытуға, жылы судың болуына қандай істер атқарылу керек екені жеке-жеке айтылып, әр имамға нақты тапсырма берді. «Өз тарапымыздан қандай көмек керкек болса біз де қарап қалмаймыз», -  деген ауданның бас имамы мешітке келушілерге барынша жағдай жасалу керек екенін баса айтты.

     Мешіт қызметкерлерінің жеке бас ахуалдарын сұрастырып, қандай шешімін таппай тұрған мәселелер болса бірге шешуге дайын екенін де білдірді. Имамдарға баса көңіл аударылатын мәселе жамағатпен жасалатын уағыз-насихат екені айтылды. Әр қайсыңыз ауылдарыңыздан шәкірттердің шығуына атсалысыңыздар. Өйткені діни білімді жастар бүгінгі қоғамымызда өте маңызды рөл атқарады деп сөзін жалғады бас имам.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: