#ТАРАЗ: Нәметбай мешітіне жаңа имам тағайындалды

#ТАРАЗ: Нәметбай мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Нәметбай» мешітіне «Һибатулла Тарази» медресесі түлегі әрі қала мешіттерінде 5 жылдан астам имам қызметін атқарған Ахметов Арифжан имам болып тағайындалды. Тәжірибелі маманды ҚМДБ Жамбыл облысы бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы жамағатқа таныстырды.

Аталмыш мешітте ұзақ жылдардан бері имам қызметін атқарған Абдикамбетов Абдурахман ағамыз елімізге төніп келген ковид-19 індеті салдарынан қайтыс болған болатын. Бас имам қайтыс болған ағамыздың жасаған қызметтерін атап өтіп, жайы жәннатта болсын деп дұға қылғаннан кейін жаңадан келген имамның қызметіне сәттілік тіледі.

Ахметов Арипжан Расулович 2012-2015 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресесінде білім алды.

2015-2017 жылдары Тараз қаласындағы «Асым ата» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарды.

2017-2021 жылдар аралығында Тараз қаласындағы «Хамрақұл» мешітінде имам қызметін атқарған.

 "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: