#ТАРАЗ: «Шейх Зуннун» мешітіне имам тағайындалды

#ТАРАЗ: «Шейх Зуннун» мешітіне имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Шейх Зуннун» мешітіне ҚМДБ қарамағында 15 жылдан астам дін қызметін атқарған тәжірибелі маман Ахметов Айнабек имам болып тағайындалды. Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар Орымбайұлы ҚМДБ бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа имамды жамағатқа таныстырды. Өз сөзінде бас имам осы мешітте талай жылдан бері қызмет еткен Хадиметов Абдувахидке жаңа қызметінде сәттілік тілеп алғысын білдірді.

Аталмыш мешіт жамағаты бірауыздан қызмет ауыстырған имамға жапан жауып алғысын білдірді. Жаңадан тағайындалған имамға Қош келдің айтып Алла жолында атқаратын қызметіне сәттілік тіледі.

Ахметов Айнабек Қалдарбекұлы 2002-2006 жылдар аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде «Имам Хатиб» мамандығы бойынша білім алған.

2007-2008 жылдар аралығы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Айдарбек ата» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарды.

2008-2009 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің наиб имамы қызметінде болды.

2009-2010 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің имамы болып қызмет атқарды.

2010-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Әбдіқадір» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: