Тараз қаласы «Әл-Фирдаус» мешітіне 16 жылдан бері ҚМДБ қарамағында қызмет атқарған Кенжемолдаев Алмас Рысханұлы имам болып тағайындалды. Жаңа имамды Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан жұма намазына жиналған жамағатқа таныстырды. Жиналған қауым жаңадан келген имамға қош келдің айтып, қызметіне береке берсін деп тілекші болды.
Кенжемолдаев Алмас Рысханұлы 2000-2004 жылдар аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетін «Имам Хатиб» мамандығы бойынша бітірді.
2004-2007 жылдары Жамбыл облысы, Меркі аудандық «Меркі-ата» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарды.
2007-2011 жылдары Жамбыл облысы, Сарысу аудандық орталық «Жаңатас» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
2011-2016 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы аудандық орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
2016-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Тектұрмас» мешітінің имамы қызметін атқаруды.
Алмуханбет Егизбаев
Тараз қалалық "Әулие-ата" мешітінің баспасөз қызметі