Бүгінгі таңда әлеуметтік желінің қоғамдағы орны ерекше. Миллиярдтаған адамдардың күнделікті, үздіксіз кіретін желісінің бірі - инстаграм. Оның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамды жақсылыққа, адамгершілікке, діни сауаттылыққа үндеу - еліміздің рухани дамуына, жат ағымдардан алшақ болуына үлкен септігін тигізбек.
Осы мақсатта бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде қала және аудан имамдарына арналған семинар-тренинг өтті. Оны облыстық мешіттің баспасөз хатшысы, SMM саласының эксперті Ақерке Шахризатқызы жүргізді.
Маман аталған әлеуметтік желінің безендірілуі, қаралымды көтерудің әдісі, діни парақшаның келбеті, желі оқырмандарымен жұмыс жасаудың, парақшаны сауатты әрі кәсіби жүргізудің маңызын түсіндірді.
Шара соңында алдағы уақытта аталған дәрісті аудандағы басқа да мамандармен өткізу ұсынылып, жоспарға қойылды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі