Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен қала, аудан имамдарының жиналысы өтті.
Дін мамандарының бас қосуында мешіттердің ішкі мәселелері, кадрлардың тағайындалуы, мешіттердің қысқа дайындығы тілге тиек болды.
ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жауапты мамандар баяндама жасап, жасалған жұмыстар мен тапсырмалар және оның нәтижесі жайлы айтты.
Бас имам ескертулер мен жемісті істерді атап өтіп, нақты тапсырмаларды жүктеді. Сонымен қатар кездесу соңында тоқсан бойынша үздіктер марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Атап айтсақ, "Мақала жазу бойынша" Тараз қаласы "Миразиз ата" мешітінің азаншысы Еркин Рузметов, "Ақпарат саласының үздігі" оқ бойы оза шауып үнемі алдыңғы қатардан көріп келе жатқан Жамбыл ауданы, әлеуметтік желі бойынша "Facebook желісінің белсендісі" Сарысу ауданы, "Instagram желісінің белсендісі" Мойынқұм аудандары марапатталды. Сондай-ақ, ел басына қиын сәт туғанда Маңғыстауға үлкен көлемде шөп жіберіп, көмек көрсеткені үшін Шу ауданына алғыс табысталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі