ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші найб имамы Нұралы Бақытұлы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық мешітінің имамы Төлеуғазы Асхатұлының мұрындық болуымен мешіт жамағатымен жүздесті.
Жамағатпен кездесуде облыстың найб имамы «Ислам дінінің өміріміздегі мәні» атты тақырыпта ауыл жамағатына дәріс жүргізді. Жамағаттың көкей-кесті сұрақтарына қанағаттандырарлықтай жауап беріп, сонымен қоса ауыл қарияларының батасын алып, қошеметке бөленіп қайтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі