Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де қонақта болып, кешірім апталығы аясында «Кешірім керек қасиет» тақырыбында әңгіме қозғады.
Осы орталықтың ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Нұрзат Қилыбайдың жүргізуімен, әлеуметтік желідегі @shuzhastar инстаграм парақшасында өткен онлайн сұхбат барысында Бахтияр Амантайұлы жас жанұялардың жарасымдылығы кешіріммен астасып жатқанын атап өтіп, кешіру, кең пейілдік танытудың сауабы туралы түсіндіріп, жастар қауымына керекті ақпаратпен бөлісті.
Байжан Емберді,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі