#Жамбыл: Дін және дәстүр

#Жамбыл: Дін және дәстүр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Бас мүфти «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша дінмен сабақтасқан дәстүрді халыққа көбірек насихаттауды тапсырған болатын. Осыған орай,  Жамбыл ауданы «Мәдениет үйінде» аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жұмағұлов Жандостың  қатысуымен аудан жастарына «Дін және дәстүр» тақырыбында кеңінен насихат айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарға ҚМДБ-ның және оның өкілдіктерінің ресми сайттары жөнінде де түсіндірілді. Ауданның теолог мамандары арнайы кездесуге «Теріс бағыттағы діни ағымдардың қазіргі қоғамдағы жастарға әсері» тақырыбында кеңінен айтып өтті.          

Негізінде дін дәстүрдің негізі десек қателеспеген боламыз. Cебебі кез келген салт пен дәстүр, әдет пен ғұрып сияқты дүниелердің астарында сенім жатыр. Ал сенім дегеніңіз – дін. Демек, дін мен дәстүрді бір бірінен ажыратып қарай алмайсыз. Әрине, бүгінде қазақ баласы дін мен дәстүр деген уақытта бұл жерде қандай да бір сенімді емес, ислам дінін меңзеп тұрғанымыз анық.

Жамбыл аудандық мештінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: