Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі дін саласында аянбай қызмет етіп жүрген қызметкерлерді құрмет грамотасымен марапаттады.
Осы марапатқа ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы да лайықты болды. Марапатта Аудан көлемінде дәстүрлі исламды дамыту, діни қызметті үйлестіру саласындағы жемісті еңбегі және қоғамда татулық пен тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін Джадраев Сұлтаншарип Жәнібекұлы аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталады, - деп жазылған.
Қуаныш Тузелбеков
Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі