#Меркі: Жастармен діни сұқбат өтті

#Меркі: Жастармен діни сұқбат өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы орталық кітапханасында Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Дулат Абдуманап жастармен кездесті. Кездесу барысында «Жас келсе іске» семинар-тренингі өтіп, жалпы Ислам діні ғылым-білімге, еңбек пен өнер кәсіпке ерекше мән беретінін атап өтті.

"Құрметті жас мамандар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін азамат болуымыз керек. Біздің мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын, осы дүниедегі мақсатын айқындап, нақтылап алу керек" - деп атап өтті имам.

Осы елге, осы жерге адал қызмет етіп, өсіп-өнуіне өз үлесімізді қосуымыз керек деп өз сөзін тәмамдап, еліміздің, жұртымыздың амандығы үшін дұға жасасып тарқасты.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: