Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушыларымен кітапханада кездесу өткізді. Кездесу «Дін және жастар» тақырыбында болды. Кездесуге сонымен қатар, әкімшіліктің бас маманы, ауыл кітапханашысы және жастар ісінің меңгерушісі қатысты.
Жиынға қатысқан мектеп оқушыларының арасында мектепті алтынмен бітіруге үміткер 4 қыз бала, яғни озат оқушылар бар. Имам қазіргі жастардың дінге деген көзқарасы жақсы екенін, құлшылыққа бет бұрған жастардың қарасы да көп екендігін жиын барысында тілге тиек етті.
Қуаныш Тузелбеков
Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі