#Шу: Білікті маман мешіт жамағатымен жүздесті

#Шу: Білікті маман мешіт жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы жылдың қыркүйек айының  15-інде Шу ауданына белгілі ғалым, дінтанушы Нұр-Мубарак университеті ректорының ғылыми кеңесшісі Мұхитдин Исаұлы келіп, жастармен, спортшылармен, теміржолшылармен, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, келелі сұхбат құрған болатын.

Орайы келген сәтте құрметті қонақ құптан намазы уақытында аудандық «Жәми» мешітінің  жамағатына руханият тәрбиесі, ихсан ілімі жайында уағыз айтып,  көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Білікті маманнан әсерлі насихат естіген жамағат, жағымды әсерде тарқасып, Алматыдан арнайы келген ғалымға алғыстарын жеткізді.

 Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: