Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Шу аудандық «Жәми» мешітінде теология ғылымдарының докторы, ғалым, ұстаз Мұхитдин Исаұлы аудандық мешітке қарасты мешіттердің имам-молдаларына арнап семинар өткізді.
Жиналған дін қызметкерлері білікті маманнан теріс ағымдардың әрекетінен әлеуметтік сақтандыру, олармен жұмыс жүргізу, ағымдардың бөлінуі мен олардың сипаттары туралы толыққанды мәлімет алып, қоржындарын құнды ақпаратпен толықтырды.
Семинар барысында спикерге сұрақтар қойылып, сауатты жауаптар алынды.
Алматыдан арнайы ат терлетіп, алтын уақытын бөліп келген белгілі дін ғалымы, ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхитдин Исаұлына ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы үзеңгілестері атынан алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Семинарға қатысушылар да мейманға деген жылы лебіздерін жеткізді.
Байжан Емберді,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі