#Жамбыл: Кешіре білудің маңыздылығы

#Жамбыл: Кешіре білудің маңыздылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар шам намазына келген жамағаттарға «Кешірім апталығына» байланысты «Кешіре білудің маңыздылығы» жайында кеңінен уағыз айтты. Сондай-ақ мешіт жамағатының сұрақтарына жауап берді.

"Кешіру үшін, «хан қызынан да қателік кететінін» түсінуіміз керек. Адам баласы пенде болғандықтан, ашу үстінде ауыр сөздер айтып, қол көтеруі мүмкін. Кешіру арқылы өзгелерден еш нәрсе күтпейтіндігімізді дәлелдейміз. Ал өзгелерден еш нәрсе күтпеу арқылы күйзеліске түсудің алдын аламыз. Айналамыздағы адамдар да біздің олардан не күтетінімізді білмейді. Адамдардан жақсылық күтудің орнына, сол қарым-қатынасты өзіміз бірінші болып көрсете білуіміз керек" - деді имам.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: