#Жамбыл: Дінде экстремизм жоқ

#Жамбыл: Дінде экстремизм жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы  Мәдениет үйінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудан тұрғындарына қоғамда үлкен сұрақтар туындатып жүрген «діни экстремизм» жайында яғни, «Дінде экстремизм жоқ» тақырыбында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізді. Аудан тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Әрине, сұрақтар жауапсыз қалған жоқ.                          

"Бүгінде Қазақстан Республикасы конфессияаралық және этносаралық келісім салтанат құрған ынтымақты елдің үлгісіне айналып отыр. Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше көңіл бөлуде. Біз діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамын рухани ағартуға ерекше көңіл бөлеміз" - деді имам.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: