#ТАРАЗ: «Отан-отбасынан басталады» атты іс-шара өтті

#ТАРАЗ: «Отан-отбасынан басталады» атты іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Тараз қаласы әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Отан-отбасынан басталады» атты іс шара өткізілді. Жиын апталық Құран Хатым дұғасымен басталды. Қалалық «әжелер мектебінің» мүшелері қатысты.

Өмір көрген ақ жаулықты аналарымыз өмірінен отбасы жайлы үзінділер айтып, жастарға насихат жүргізді. Сонымен қатар мектеп қабырғаларында қыз балаларға арналған арнайы тәрбие сынып сағаттары өткізілу керектігін ұсынды. Қазіргі таңдағы көптеген жастардың ажырасуларының себебі, олардың ата аналарының өздеріне тәрбие беру тұрғысынан білім мен тәжірибе жетіспейтіндігі жайлы сөз қозғады.

Отбасындағы көптеген кекілжіңнен сақтану үшін парасаттылық танытып,бір бірімен сабырға келе отырып диалог құруы керектігін айтты әжелеріміз.

Жиынды Тараз қалалық ұстаз Жібек Болатбекқызы қасиетті Құран Кәрім аяттары мен хадистер оқып тәмамдады.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: