#Жамбыл: Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы

#Жамбыл: Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов  Қуаныш  бесін намазында мешітке келген жамағатқа «Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы» тақырыбында уағыз айтты.

"Кешірім сұрау – нағыз мұсылманның ісі. Тек қана кешірім сұрау емес, кешірім беру де ұлылықтың белгісі. Өмірдің алма кезек екенін естен шығармаңыз, сіз сұраған кешірімді, сізден де сұрайды. Өміріміздің әрбір сәтін бақытқа, шаттыққа бөлеп өтейік. Жанымызға жақын жандар аз ғана, оларды ренжітіп алмайық. Кей адам кешірім сұрасам, өзімді төмендетемін, намысым аяқ астына тапталады деп ойлайды. Шындығын да бұлай емес. Тек мықты адам ғана өз кінәсін мойындап, кешірім сұрайды. Адам өзінің кім екенін білген кезде ғана осылай жасайды" - дейді маман.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: