#Жамбыл: Кешірімді болу – адамгершіліктің белгісі

#Жамбыл: Кешірімді болу – адамгершіліктің белгісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали-Қалпе» мешітінің имамы  Сапарбеков Ержан ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде ауыл имамы «Кешірімді болу – адамгершіліктің белгісі» атты насихат жүргізді.

"Кешірімді болу - адам бойынан табылатын ең ізгі қасиеттің бірі. Бабаларымыз «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік» деп өсиет қалдырған. Кешірімділік қасиеті асыл дініміз исламның негізгі өзегінің бірі болып табылады. Сондықтан, кешірімді болайық!" - деп атап өтті.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: