Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің имамы Қыдырбай Тәжібаев Түрксіб ауылының тұрғыны орыс ұлтының өкілі Галиев Валодия Раисович ислам дінін қабылдады.
Мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары әкімшіліктен жер алып, қаражат жинап, асарлатып баспана соғып беруді қолға алып жатыр. Сонымен қоса, округ әкімі Бейбіт Сұңғатұлы жер учаскесін беріп, алғашқы табан тасын түсірді.
Бұл игі іске атсалысып жүрген мешіт жамағаты Болат Айдарбеков «калима» айтқызды, ол кісіге көпшілік батасын берді. Валодия көпшілікке өз алғысын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі