Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудандық кітапханада «Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім» тақырыбында аудан тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына дөңгелек үстел өткізді.
Жиында аудан имамы «ихсан» ұғымын келген қонақтарға кеңінен түсіндірді.
"Ихсан – тақуалыққа тәрбиелейтін ілім. Ал тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген ұғымға саяды. Шындығында, күнә мен қателікке ұрындыратын істерден сақтану – тақуалықтың белгісі" - деді имам өз сөзінде.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі