Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл кәсіпкері Бейсеу атаның немересі Абай ағамыз мешітті соққан болатын.
Енді мешіттің жанынан асхана құрылысы мен қызметтік үй соғып беретіндігін айтты. Алла тағала ол кісіге разы болсын. Ол кісінің бастамасын ауыл тұрғындарының арқасында барлық құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді. Ендігі кезекте тек құрылыс жұмыстарын бастау ғана қалды. Бұл жұмысқада ауыл тұрғындары мен мешітке келуші жамағат ат салысуда. Арнайы іс-сапармен келген ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, өз алғысын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі