Жамбыл ауданына арнайы іс-сапармен келген облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев аудандық Спорт кешенінде ауыл спортшыларымен «діни экстремизмнің алдын алу» бағытында кездесу өтті.
Маман өз сөзінде: "Дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру – баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз. Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміз ләзім. Егер біз лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді дәл осы мақсатта шоғырландыруға тиіспіз" - деп атап өтті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі