Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітіне Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасына сәйкес облыстың найб имамы Аманбаев Ержан «Бәйдібек» мешітіне келді.
Сауат ашу курсын, уағыз-насихат жұмыстарын, мешіттің санитарлық талаптарға сай ішкі-сыртқы тазалықтарын тексеріп, «жеті бағыт» бойынша жұмыстарын қадағалап, Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен найб имам Жандос Жұмағұлға биылғы жылы «Һибатулла Тарази» медресесіне оқитын шәкірттерді жіберу керектігін айтты. Ауыл мешіттерінде жұма намаздары санитарлық талаптарға сай болып өтілу керектігін қатаң тапсырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі