#Қордай: Жат ағым жайлы не білесіз?

#Қордай: Жат ағым жайлы не білесіз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудандық Нұр Отанын залында өткен жиынға Қордай ауданының найб имамы Даурен Нұржанұлы арнайы барып қатысып, "Теріс діни ағымдар жайлы не білеміз?" атты тақырыпта сөз сөйледі.

Дін маманы жат ағымдағы азаматтардың белгілері мен ұстанымдарына тоқталып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

"Бүгінгі таңда тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «кәпір» есептейтін және өз отанын тәрк етуші адасқан ағымның көрініс тапқаны мәлім. Нағыз мұсылман пенде тырнақ астынан кір іздеп, басқаларды күпірлікте айыптаумен айналыспайды. Керсінше өзінің бойындағы кемшіліктермен күреске түседі, - деп Дәурен Нұржанұлы дәстүрлі дінге жат әдеттерді тізіп берді. Маман дінді үйрену үшін мешітке келіп, имамдардан білім алуды және ҚМДБ бекіткен кітаптарды оқуға кеңес берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: