Шу ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Шу ауданына жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Шу аудандық "Жәми" мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Ресми шараға арнайы барған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев жамағат алдында ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды. 

Қалалық мешіттен аудандық орталық мешіт статусын алған "Жәми" мешітіне Бахтияр Амиреев тағайындалды. Облыс бас имамы жұма намазын жүргізіп, маманды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. 

Бахтияр Амиреев облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде наиб имам қызметін атқарған болатын. Бахтияр Амантайұлы "Нұр Мүбәрак" университетінің түлегі әрі жат ағым бағыты бойынша жұмыс жүргізу жөніндегі білікті маман. 

Ал бұл уақытқа дейін Шу ауданының бас имамы қызметінде болған Аят Дыбысұлына Шу жамағаты көлік сыйлап, құрмет көрсетіп, шығарып салды. Облыс бас имамы алғыс хат табыстап, алдағы қызметіне жеміс тіледі.

Сонымен қатар "Төле би" мешітіне осы мешіттің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы имам болып тағайындалды. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: