#Қордай: Облыс наиб имамы Сортөбеде насихат жүргізді

#Қордай: Облыс наиб имамы Сортөбеде насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Сортөбе ауылы "Мисбахул Ислам" мешітінде облыстық  "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бақтияр Әміреев ауызбіршілік жайлы уағыз жүргізді. 

Исламдағы татулықтың орны, оны орнатушыға берілетін жақсылықтар мен бірлікті бұзушыға берілетін қиындықтарды тілге тиек еткен маман жамағаттың көкейкесті сауалдарна дәлелді жауаптар берді. 

"Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік. Халқымызда «Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, берекелі болары хақ. Алла Тағала мұсылман баласына: «Бөлінбеңдер ...» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) – деп бауырмал болуға бұйырған. Мұсылман баласы көркем мінез-құлықпен ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтай білуі керек" - деп атап өтті облыс наиб имамы насихатында.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: