"Уақып" қорының маманы Жамбылдық имамдармен жүздесті

"Уақып" қорының маманы Жамбылдық имамдармен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының маманы, Жамбыл және Қарағанды облыстары бойынша координаторы, дінтанушы, Пекин Орталық Ұлттар Университетінің 3-курс РhD докторанты Жүргенбаева Жанна Айдарқұлқызы "Деструктивті және радикалды діні ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында ағартушылық жұмыс жобасын жүргізді. 

Маман Жамбыл облысына жасаған сапары барысында өңірге қарасты барлық қала, аудандарды аралап, мешіт имамдарымен кездесті.

Бүгінгі таңда "Уақып" қорынан 108 имам демеушілік көмек алып отыр. Осы имамдармен жүздескен Жанна Айдарқұлқызы теріс ағыммен жұмыс жасауға қатысты енгізілген жаңа жобаны таныстырып, мақсатын тілге тиек етті. Дін мамандарына бағдарлама бойынша жоспарлы 4 тақырып беріледі, соның аясында 50 адамға насихаттау қажет. Жоба құжаттарын толтыру сынды жағдайларды түсіндірген маман имамдардың пікір ұсыныстарын тыңдады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: