Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде Байзақ ауданының, Жуалы ауданының, Жамбыл ауданының имамдарына Жамбыл облысы бойынша «Уақып» қорының жетекшісі Жүргенбаева Жанна семинар өткізді.
Имамдардың жамағатпен уағыз өткізген тақырыптарға сай болу керектігін, және де есеп қағаздарын толтыру заңдылықтарын түсіндірді.
Жалпы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды, жат ағымдардың алдын алу, өз ауылының тұрғындары мен мешітке келуші жастарды діни сауаттандыру керектігін айтты. Семинарға қатысқан имамдар өз сұрақтарын қойып, жауапты мәліметтер алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі