#Меркі ауданы: Құрбан айт мейрамы аталып өтілді

#Меркі ауданы: Құрбан айт мейрамы аталып өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» - деген. (Каусар сүресі, 2-ші аят).

Осы мақсатта, ауданымызда атқарылған іс-шаралар жеткілікті. Ауданымызға қарасты барлық мешіт имамдары, еріктілер және аудан әкімшілігі бірлесе отырып, осы Құрбан айт мейрамында үлкен іс-шара атқарды.

Жылдағы дәстүр бойынша, Құрбан айт мерекесінде ауданның бас имамы Жанықұлов Нұрбек Қайсарұлы барлық ауыл мешіттеріне Құрбан мал еттерін жағдайы төмен отбасын анықтап, Құрбан еті таратылсын, мешітке көмек сұрап келген кісілерге көңіл бөліп, сұраныстары қанағаттандырылсын, еш уақытта дөрекілік көрсетілмесін деп бұйрық берген болатын.

Ауданда Сарымолдаев ауылдық округіне қарасты, ЖК «Шайхиев» қасапханасы құрбан шалушылар үшін қызмет атқарды. Жалпы Меркі ауданында Құрбан айттың үш күнінде 24 ірі қара, 321 қой құрбандыққа шалынып, 1443 мұқтаж отбасыға таратылды.

Бұқаралық ақпарат газет беттерінде: «Меркі тынысы» «Меркі ақиқаты» баспаларында  Құрбан айттың мәні мен маңызы жайлы мақала жарияланды.

Сіздерді тағы да ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз. Алла ниеттерімізді қабыл алып, шалынған құрбан малымыз, істеген әрбір жақсы амалдарымыз қабыл болып, Алла разы болған пенделердің қатарында болуды нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Құрбан айт мерекесі құтты болсын.

Аудандық «Меркі ата» мешіті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: