Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша биыл құрбан айт мейрамында үш күн бойы құрбандық шалынды. Құрбандыққа шалынған малдардың еттері мұқтаж отбасыларға, жетім-жесірлерге, мүгедектерге таратылып берілді.
Құрбан айттың үш күнінде аудан бойынша 148 бас ұсақ мал, 11 ірі қара құрбандыққа шалынып, еттері бөлініп, еріктілердің көмегімен мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілді.
Расымен де мұсылмандардың осы ұлық мейрамында жоқ-жітіктің аузы бір майланып қалатыны рас. Құрбан айтта шалған құрбандықтарымызды, садақа – қайырымдылықтарымызды бір Алла өзі қабыл етсін деп тілейміз.
Тузелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі