Періштелерге сену – иман шaрттарының басты рүкіндерінің бірі. Олaрдың бар екеніне иман келтіру парыз, ал мойындамаған діннен шығады.
Меркі ауданы «Жақсымбет» мешітінің имамы Қасымалиев Қыдыралы жиналған мешіт жамағатына иман шарттарының бірі - Періштелерге иман етудің маңыздылығын айтып өтті. Өз сөзінде: Алла Тағала Құранда: «Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге [Құранға] иман келтірді һәм мүміндер де (иман келтірді). Барлығы Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне иман келтірді». Аллаға иман етумен қатар , оның періштелеріне де иман етудің маңыздылығын айтып, жамағатты осы иман шарттарын жітік біліуге шақырды," - деп атап өтті.
Уағыз соңында жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, дұға жасасып тарқасты.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті