Жамбыл ауданы аудан әкімінің орынбасары Баққараев Олжас, Аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен «Бәйдібек» мешітінің жанынан құрылған «Әжелер алқасының» төраймы Мұсалиева Үміт апаны және аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Жарасов Тойшыбекті қабылдап, «Әжелер алқасының» облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының тапсырмасына сай ашылғандығын былтырдан бері атқарып келе жатқан биылғы жылғы атқарылатын жоспарлармен таныстырды.
Жоспарда Әжелер алқасының отырысы «Келіні жақсының керегесі кең», «Дін және Дәстүр», «Отбасы бақыт мекені» сынды іс-шаралармен бөлісті. Қабылдаған әкім орынбасары Әжелер алқасының жұмыстарының жастарға пайдасы бар екенін айтып, алғысын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі