Жамбыл ауданы Аса ауылының әкімшілігінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл жастары мен қарияларынын қабылдып, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбы аясында кеңінен сөз қозғады.
Кездесуде аудан имамы жастарға кішіпейіл болуды, әрдайым үлкендерді сыйлаудың маңызды екенің түсіндірді. Жасы үлкенге жол беріп, астың дәмдісін, сөздің сәндісін үлкеннен күту – қазақы қалпымыздың белгісі. Ардақты пайғамбарымыз бір сөзінде: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» деген болатын. Демек, мұсылманшылыққа жараспайтын қылық істеп, өзіңді-өзің жаман әдетіңмен, сүйкімсіз әдебіңмен мұсылмандардан бөлектедің деген сөз. Ауыл жастары сұрақтарына жауап алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі