Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мешіт маңына балаларға батут құрылды. Балалар үш күн айт мерекесінде батутқа ойнап, мерекені жан-тәндерімен сезінді.
Сонымен қоса, мешітте діни сауат ашып, жүрген шәкірттерде батутқа мініп мәре – сәре болды. Мешіт қызметкерлерінің де ең басты мақсаты - балалар діни төл мерекемізді толықтай сезінсе екен деген болатын. Бір күнде батутқа 30-40 балаға дейін ойнатылды.
Қуаныш Тузелбеков
Т. Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі