Облыс бас имамының іс-сапары Мойынқұм ауданы Ұланбел, Құмөзек, Қойшыбай ауылдарында жалғасты. Бейбіт Мырзагелдиев ауыл тұрғындарымен кездесіп, мешіттерді аралап, басқа да ауылдардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Көпшілікке ислам дінінің құндылықтары жайында насихат айтып, жаңа ашылған мешітке жамағат болып, белсенділік танытуға шақырды.
Тұрғындар облыстың діни басшысымен жүздесіп, өз көкейкесті сауалдарына жауап алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі