ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Шу ауданына іс-сапармен барып қайты.
Сапар барысында бас имам әуелі аудан әкімінің орынбасары Аймамбетов Ербол Еркінұлымен кездесті. Өңірдегі діни ахуал, халықтың жай-күйі талқыланып, бірқатар мәселелер қаралды. Шу ауданы әкімінің орынбасары сөз соңында облыс имамына құрмет көрсетіп, кітап сыйға тартты.
Бас имам сонымен қатар "Төле би", "Жәми" сынды мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



24 Қазан 2025
2 Джумада-авваль 1447

