Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сортөбе ауылы "Имамдар үйінде" ауыл ақсақалдарымен кездесті.
Жүздесу барысында бас имам ауызбіршіліктің маңызы, ақылдаса іс қылу, бірге әрекет ету жайында сөз қозғады.
Ауылда болып жатқан, ауданда болып жатқан түйіткілді мәселелердің түйінін тарқата айтып, хал-ахуалдың жақсы тұсынан дамуы жолында атқарылатын шараларды талқылады. Қариялар өз пікірлерін білдіріп, имамды құптады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі