ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Мойынқұм ауданына іс-сапарға барды. Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Әмірханов Ержан Әлімханұлымен жүздесті.
Мойынқұм ауданының имамдарымен, теолог, дінтану мамандарымен, Ішкі саясат басшысымен, ауыл тұрғындарымен жасалған жиында өңірдің діни ахуалы талқыланып. Имамдарға діни мәселелерді қалай шешу керек, қалай реттеу керектігі, құрбан айт мерекесін карантиндік талаптарды сақтай отырып, жоғары деңгейде өткізу турасында сөз қозғап өтті.
Сонымен қатар деструктивті ағымдардың алдын алу жайын тілге тиек етіп, әкімшілік қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.
Бас имамның ұсынысымен "Әжелер алқасының" жұмысын жандандырып, дамыту қолға алынуда. Айта кетейік облыс бас имамы Мойынқұм ауданында жылына 2 рет ашық есік күнін жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап бермек. Жиында айтылған басқа да ұсыныстар қаралып, алдағы уақытта іске асырылмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі