Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешіттің алқа мүшелерімен кездесіп, мешіттің әл-аухатымен танысты.
Алқа мүшелері мешітке келген жастарға үлкендік ақылдарын айтып, мешіттің тәртібіне бағыну керектігін үнемі айтып отыратындығын жеткізді. Аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы алқа мүшелері мешіттің барлық тәртіптерін қадағалау керектігін айтты. Мешіт имамы Керимов Айтжанға қолдау көрсету керектігін, мешіттің санитарлық талаптарға сай болуы мен ішкі-сыртқы тазалығын жіті бақылауда ұстау керектігі сөз болды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі