Деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған 2 күндік қала имамдары мен теолог, дінтанушы мамандарға арналған семинар-тренинг өз мәресіне жетті.
Іс-шара М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жалғасын тауып, ЕИМ университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы мен ҚМДБ "Діни оңалту" бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев дәріс оқыды.
Деструктивті ағымдағылармен сөйлесу, дұрыс бағыттау аясында мәселелер көтеріліп, "Жусан" операциясы бойынша елімізге жеткен азаматтармен жұмыс жасау, оларды оңалту жайы сөз болды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі